Иордания астанасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшенің салтанатты ашылуы болды

СТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Иорданияның астанасы Амман қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көшені салтанатты ашу рәсімі өтті.
None
None

Шара дүйсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше басталатын айналма жол сақинасында болды.

Оған қатысқан қазақстандық делегация құрамында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Болат Сәрсембаев, ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламентінің сенаторы Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғали Сағадиев болды.

Иордан тарапынан салтанатқа Амман қаласының мэрі Омар Маани, үкімет істері жөніндегі мемлекеттік министр Джамаль Шимай, мәдениет министрі Набиль Шокум, Парламент сенаторы-өнеркәсіп палатасының президенті Хатем Халауани, Иордания Хашимит Корольдігінде тіркелген дипломатиялық корпус, қала жұртшылығы және БАҚ өкілдері болды.

Салтанат иордан фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен басталды, одан кейін біздің Мемлекет басшымыздың құрметіне көшенің атауы жарияланды. Амман қаласының мэрі мен Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда біздің Президентіміздің есімі жазылған тақтайшаның шымылдығын ашты.

Амман қаласының мэрі Иордания королі Абдалла ІІ мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы қалыптасқан туысқандық байланыстар үлгі етуге тұратынын және достас екі елдің мүддесіне қызмет ететінін атап өтті. Қазақстан көшбасшысының екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісіндегі сіңірген еңбегін, және Амман мен Астана бауырлас қалалар екенін ескере отырып, корольдік әулеттің бастамасымен Амман қаласының муниципалитеті Иордания астанасының орталық көшелерінің бірін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы шешім қабылдады. Ол, осы маңызды оқиға екі бауырлас елдермен қатар, біздің елродаларымыз - Амман мен Астана арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін беретінін атап көрсетті.

Астана әкімі И.Тасмағамбетов Президенттің және Қазақстан халқының атынан Корольге және Иордания халқына қазақстандық көшбасшыға көрсетіліп отырған зор құрметке алғысын білдірді. Ол екі ел арасында орнатылған достық қатынастар жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын ерекше атап өтті. Бұдан әрі ол Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс ішкі және сыртқы саясатының арқасында қысқа мерзімде зор табысқа жеткенін атап көрсетті. Біздің еліміз әлемнің көптеген елдерімен, соның ішінде Иорданиямен де ең шынайы және достық қатынастар орнатты.

Бұл оқиға елде үлкен қоғамдық өрлеу туғызды, елдің барлық дерлік ірі газеттерінде қазақстандық делегацияның сапары жөнінде суреттерімен материалдар жарияланды, маусымның 21-інде иордан теледидары шара туралы сюжеттер көрсетті.

Сапар барысында Мәдениет министрлігінде, Иордан Хашимит Корольдігінің Парламент Сенатында ресми кездесулер өтті, қазақстандық делегация мүшелерін Иордания королі Абдалла ІІ қабылдады.

Король Абдалла ІІ, мәдениет министрі Набиль Шокум, Парламент спикерінің орынбасары Мааруф Әл-Бахит, Парламент сенаторы Хатем Әл-Халауани, Араб-Амман университеті президентінің орынбасары Каид Абдаллах, Иорданиядағы Ресей мен Әзірбайжан елшілері өзі елінің ұдай көшбасшысы болумен қатар бүкіл әлемде өлшеусіз беделге ие болған адамның есімімен көше аталуына қатысты өздерінің құптайтынын жеткізжді. Олардың айтуынша, бұл оқиға қисынды, өйткені екі елдің көшбасшыларының арасындағы тығыз қатынастар екі бауырлас халықтардың мүддесі игілігіне бұдан да белсендірек ынтымақтасуға жәрдемдеседі. Бұл оқиғаның маңызын біздің Президентіміз бен тұтастай алғанда елімізге құрметпен қарайтын иордандық қоғам оң бағалады.

,

Соңғы жаңалықтар