Иордания делегациясы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ съезіне қатысты

«Астанада шілденің 1-інде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі ашылды. Жоғары мәртебелі Король Абдалла ІІ-нің атынан Иордания Корольдігінің делегациясын Иордания Корольдігі Исламдық ой-сана академиясының бас директоры Шейх Саид әл-Хиджауи бастап барды.
Қатысушыларға арналған өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің әлемде төзімділік пен бір-біріне деген құрмет сезіміне тәрбиелеудің, сондай-ақ негізгі ұстанымдарына әсер етпестен, әркімнің де діни бостандығын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.
Съезге қатысушылар, төзімділікке, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа, сондай-ақ әсіресе, дағдарыс кезінде моральдық және этикалық құндылықтарға, тілектестікке негізделген бейбітшілікті қалыптастырудағы діндер қызметінің рөліне байланысты мәселелерді талқылады. Форум өз жұмысын бейсенбі, шілденің 2-сінде жалғастырды. Бұл күні Жоғары мәртебелі Корольдің өкілі «Төзімділікке тәрбиелеу және айырмашылықты тану» тақырыбына баяндама жасады.
Хиджауидің сөзіне қарағанда, Иордания түрлі діни қоғамдастықтың бейбіт өмір сүруінің үлгісі бола алады. «Елде салт жоралар мен жеке заңдар сақталады, олар қоғамдық қатынасқа оң әсерін тигізеді. Дінге қатысты мәселелерді талқылау үшін ғалым мұсылмандар христиан дінінің өкілдерімен кездесіп отырады. Иорданияның діни қызметкерлері діндердің бейбіт қатар өмір сүруі мақсатында үш халықаралық конференция өткізді, сондай-ақ басқа елдерде де болды», - деді Исламдық ой-сана академиясының бас директоры.
Шейх Хиджауи, 2005 жылы Амманда өтіп, оның ашылу салтанатына Жоғары Мәртебелі Король Абдалла ІІ қатысқан Халықаралық Ислам конференциясында - исламдық татулық мәселесінің қозғалуына Иордания бастамашы болған атап өтті.
Шейх Хиджауи мырза құрылғалы бері ұйым 31 конференция ұйымдастырғанын, оған христиан дінінің өкілдері қатысқанын айта келе, Исламдық ой-сана Корольдік академиясы діндер диалогын дамытуда белсенді рөл атқаруда», деп атап өтті.