Иордания Газа секторынан 35 науқас баланы эвакуациялады

АСТАНА. KAZINFORM — Иордания Қарулы күштері сәрсенбі күні «Иорданиялық медициналық дәліз» бастамасы аясында Газа секторынан жетінші топты – ауыр науқас балаларды эвакуациялады, деп жазады Синьхуа.

больница
Фото: otyrar.kz

Бұл туралы елдің Қарулы күштері мәлімдеді.

Бұл жолы 35 бала және оларды ертіп жүрген 72 отбасы мүшесі Иорданияға жеткізілді. Олар емделу үшін король Хусейн көпірі арқылы иорданиялық ауруханаларға тасымалданды.

Эвакуация Иордания Денсаулық сақтау министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, қатаң медициналық және қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілді.

Мәлімдемеге сәйкес, бұл — наурыз айында басталған бастама аясында эвакуацияланған ең ауқымды топ.

Бүгінгі күнге дейін Иорданияға жалпы 112 палестиналық бала және олардың 241 туысы жеткізілген.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Иордания королі Абдалла ІІ Газа секторынан 2000-ға дейін палестиналық баланы қабылдап, медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Бұған дейін Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 56 531-ге жеткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар