19:23, 26 Тамыз 2025 | GMT +5
Иордания Королінің ұшағын Қазақстанның әскери ұшақтары қарсы алды
АСТАНА. KAZINFORM – Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейн Астанаға ресми сапармен келді.

Мәртебелі мейман мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейнді қарсы алды.
Ертең мемлекеттер басшылары келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес-форумына қатысады.