Иордания мен Сирия арасында жаңа келісім жасалды

АСТАНА. KAZINFORM - Иордания патшасы Абдалла мен Сирияның уақытша президенті Ахмед әл-Шара екі елдің ортақ шекарасында қару-жарақ пен есірткі саудасына қарсы күресу жөнінде келісім жасады, деп хабарлайды TRT ақпараттық агенттігі.

Иордания мен Сирия арасында жаңа келісім жасалды
Фото: trt.net.tr/kazakh/liem

Иордания патшасы Абдалла мен Сирияның уақытша президенті Ахмед әл-Шара екі елдің ортақ шекарасында қару-жарақ пен есірткі саудасына қарсы күресу жөнінде келісім жасады.

Амманда өткен кездесуде патша Абдалла Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылдарын айыптады. Екі көшбасшы сондай-ақ контрабандаға қарсы шекаралық үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Жақында билікке келген әл-Шара заңсыз әрекеттерді жоюға уәде берді, ал Иордания Сирияны қалпына келтіру және энергетикалық тапшылықты жеңілдету үшін көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль түрмесінде 45 жыл отырған палестиналық бостандыққа шығатыны туралы жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар