10:53, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Иордания Орталық банкі төрағасының орынбасары ҚР Ұлттық банкі басшылығының жұмысына жоғары баға берді
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Иордания Хашимиттер Корольдігіндегі Елшісі Болат Сәрсенбаев Иордания Орталық банкі төрағасының орынбасары Мохаммед Шахинмен кездесті,
деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында иорданиялық банкирдің мамырдың 28-30-ы аралығында Алматыда өткен Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балкан елдерінің Орталық банк басшылары клубының 23-ші мәжілісіне қатысу жайы талқыланды. М.Шахин мырза өткізілген шараға жоғары баға бере келе, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басшылығының кәсібилігін атап өтті.
М.Шахин мырза сондай-ақ, қаржы және банк салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жақын арада Иордания Орталық банкі төрағасы Умайя Туканның атынан ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың атына Иорданияға шақыру жіберілетінін айтты.