Иорданиядағы мектеп түлектерінің арасында Қазақстан ЖОО-да білім алуға ниет білдірушілер саны өсіп келеді

Иорданиядағы мектеп түлектерінің арасында Қазақстан ЖОО-да білім алуға ниет білдірушілер саны өсіп келедіБұған дейін иорданиялық түлектер біздің еліміз туралы білмегендіктен, бұл елден талапкерлерді оқуға алу қиынға соқты. Биыл қазақстандық ЖОО өкілдерінің Иордания мектептеріне баруы барысында ондағы түлектердің Қазақстан туралы хабардарлығы мен оң түсінігінің қалыптасқаны атап өтілген.
«Иорданиялық жоғары сынып оқушыларының айтуынша, олардың біздің еліміздің университеттеріне түсу ниетіне бірінші кезекте Қазақстандағы бейбіт жағдай, дамып жатқан экономика және сапалы білім себеп болған.
Президентіміз Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімді, білім саласындағы реформаларға өрістетуге тырысуының арқасында шетелдік жастар біздің ЖОО-да білім алуға ниет білдіріп отыр. Егер 2014 жылы Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің даярлық факультетіне 44 иорданиялық азамат оқуға түссе, 2015 жылы басқа университеттерді санамағанда, 70-тен астам иорданиялық жас азамат осы білім ордасынан білім алуды шешкен», - деді Н.Иванченко.
2014 жылы 70 иорданиялық азамат қазақстандық үш ЖОО - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен С.Асфендияров атындағы ҰМУ-дің даярлық курстарына жіберілген. Одан кейін олар тиісті білім ордаларының 1 курсына оқуға түсті.
Бұдан басқа, 2014 жылдың жазында ТМД елдерінің бірінде оқып жүрген иорданиялық 2 студент Асфендияров атындағы ҰМУ-дің 2 курсына ауысты.
Н.Иванченконың айтуынша, Қазақстанға тұрақсыз саяси жағдай қалыптасқан ТМД-ның басқа елдерінен ауысуға ниет білдіріп отырғандар саны одан да көп болған. Бірақ білім алып жүрген орындары бойынша құжаттарды ала алмағандықтан, қазақстандық тарап оларды қабылдай алмады.