iPhone үшін қазақша клавиатура жасалмақшы

Б.Мұқатаев қазір Apple құралдарының иелерінде қазақ тілін пайдаланып ақпаратпен алмасу мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді. Ол мұндай қосымшаны жасап шығарып, оны ресми Apple ғаламтор-дүкені сатуға ниетті. Өз ойын жүзеге асыру үшін ол мемлекеттен миллионды грант сұраған. Жоба қаралып, Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен өткен координациялық отырыста мқұлданды.
«Бұл жоба қосымша болып табылады. Мен оны онлайн-дүкенге шығарамын, ол AppStore деп аталады. Оған кез келген адам тіркеле алады, сіз онда өзіңіздің қосымшаңызды шығара аласыз. Мұнда заңсыз ештеңе жоқ. Менің жобамның мәнісі келесідей. iPhone-да басынан бастап қазақ тілі жоқ, яғни сіз қазақ тілінде жаза алмайсыз. Менің қосымшам оны жасауға мүмкіндік береді. Клавиатура операциялық жүйе деңгейінде жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті бизнесмен.