Ирак әуе кеңістігінде ұшуға салынған тыйым тағы бір тәулікке ұзартылды
Ирак әуе кеңістігі 22 маусымға дейін жабық күйінде қалады, деп хабарлайды ТАСС.

— Әуе кеңістігі кемінде 22 маусым, жексенбі күні сағат 19:00-ге дейін жабық күйінде қалады, — деп хабарлады агенттікке сұхбат берген Бағдадтағы ұшу ақпарат аймағының диспетчерлік қызметінің өкілі.
Осылайша, аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты тоқтатылған ұшуларға байланысты Ирак әуе кеңістігінің жабық тұрғанына он күн болып отыр.
Диспетчерлік қызмет өкілдері елдегі жалпы ұшу тоқтатылғанына қарамастан, билік оңтүстік-шығыстағы Басра қаласына жекелеген рейстерге рұқсат беруі мүмкін екенін еске салды. Алайда мұндай мүмкіндік туындаса және рейстердің тәртібі бекітілсе, бұл туралы мамандар қосымша хабарлайтын болады.
Бұған дейін Басрамен әуе қатынасын қамтамасыз ету үшін Парсы шығанағы жағынан екі әуе дәлізі мен шекараны кесіп өтетін екі бақылау нүктесі белгіленгені айтылған еді.
Айта кетелік Атыраудан Дубайға рейстер уақытша тоқтатылғаны туралы жазған едік.