Ирак билігі Мосулдың ДАИШ содырларынан толық азат етілгенін хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Қорғаныс министрлігі Мосулды ДАИШ (Ислам мемлекеті) террористік тобынан толық азат етілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Sky News Arabia телеарнасы.

Ирак билігі Мосулдың ДАИШ содырларынан толық азат етілгенін хабарлады

«Мосулда Ислам мемлекетінің содырлары басқарып отырған ешқандай аудан қалған жоқ. Топ жауынгерлерінің тізе бүгуден басқа амалы жоқ. Ислам мемлекетінің Иракқа қатысы біржола тоқтатылды», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

«Жасырын мемлекет жойылды: ан-Нури мешіті босатылды», - делінген төбесінде Ирак туы желбіреген мешіт жанынан тікелей эфир арқылы таратылған телеарна хабарында. Эфирде ешқандай пікір айтылмады, тек Ирак халық музыкасы ойнатылған.