Ирак Сириямен арадағы шекарада қауіпсіздікті күшейтті

АСТАНА. KAZINFORM – Ирак жағы Сириямен шекарадағы қауіпсіздік іс-қимылдарын күшейтті. Бұл туралы Ирак шекара әскерлерінің қолбасшысы генерал Мухаммад Абдулвахаб әл-Суайди мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Ирак Сириямен арадағы шекарада қауіпсіздікті күшейтті
Фото: Анадолы

Оның айтуынша, Ирак әскерилері Сириядағы оқиғаларға байланысты шекарадағы қауіпсіздікке ерекше назар аударып отыр.

Бұл тұрғыда генерал қазір шекараның қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілгенін атап өтті. 

«Біз Сириямен арадағы шекараны жақсы даярлықтан өткен әскерилермен күшейттік», - деп нақтылады ол.

Еске салсақ, бұған дейін сириялық көтерілісшілер Алеппоның орталық аудандарына жеткені хабарланды.

Сонымен қатар Сирия армиясы Идлибтің оңтүстігіндегі содырларға зымыранмен шабуыл жасаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар