Ирак əскері ИМ-нен Рамади қаласын тартып алуға тырысып жатыр

АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Ирак əскері Рамади қаласына бекінген «Ислам мемлекетінің» содырларын қоршап алды.
None
None

Содан соң Ирактың үкіметтік əскері шешуші шабуылға шығып, қаланы экстремистер қолынан босатпақ.

АҚШ Əскери əуе күштерінің полковнигі Пэт Рейдер Ирак əскерлерінің содырларды қоршау операциясы басталғалы төртінші апта болғанда басым позицияны иемденгенін жеткізді.

"Ирак армиясы содырларды қару жəне азық түлік жеткізу каналдарынан ажыратуды көздеп отыр", - деді АҚШ өкілі.

П.Райдер ирак əскерлері қаланы қоршау кезінде қатал əрі қатерлі соғыс жүргізгенін жеткізді.

Өз кезегінде содырлар қолдан жасалған жарылғыш заттар мен жанкешті лаңкестер арқылы ирак əскерінің күштерін бəсеңсітуге тырысқан. Ирак əскері жарылғыштарды брондалған бульдозерлермен зарарсыздандыруға тырысты.

АҚШ басқарған коалиция əуеден соққы бағыттап ирак əскерін барынша қолдауға тырысты. Сондай-ақ, əскери шенеуніктерге күрделі сəттерде кеңес берді.

Пентагон өкілі əуеден бағытталған шабуыл негізінен ИМ қару қоймалары мен көліктерін талқандағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар