Иракта сауда орталығында болған өрттен 50 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Ирактың Эль-Кут қаласының губернаторы Джемиль Мейяхи «Hypermarket» сауда орталығындағы өрттен 50 адамның мерт болғанын хабарлады, деп жазады Анадолы.

Иракта сауда орталығындағы өрттен 50 адам мерт болды
Фото: Анадолы

INA мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында губернатор қайғылы оқиғаның 50 адамның өмірін қиғанын айтқан.

Мейяхи сауда орталығының иесіне қатысты іс сотта қаралатынын жеткізді. Өрттің шығу себебі алдағы 48 сағатта белгілі болады.

Сонымен қатар губернатор үш күндік аза тұту күнін жариялады.

Осыған дейін Оңтүстік Кореяда нөсер жауын салдарынан екі адам қаза тауып, мыңға жуық тұрғын көшірілгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар