Ирактағы парламент сайлауына қатысушылар 55 пайыздан асты

АСТАНА.KAZINFORM - Сайлау комиссия мен қауіпсіздік күштерінің бақылауының арқасында тыныш өтті.

Явка избирателей на парламентских выборах в Ираке превысила 55 процентов
Фото: Iraqi News Agency

Ирактың Тәуелсіз Жоғары Сайлау Комиссиясы (IHEC) сейсенбі күні сайлаушыларды тіркеу нысандарының 99,7 пайызын өңдегеннен кейін 2025 жылғы парламент сайлауына қатысу 55 пайыздан асқанын хабарлады. 

Тіркелген 21 миллионнан астам сайлаушының 12 миллионнан астамы қатысты.

Комиссияның мәліметі бойынша, негізгі сайлау күні, 10 қарашада 10,9 миллион азамат дауыс берді, бұл тіркелген сайлаушылардың 55 пайызын құрайды.

9 қарашада әскери және қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған арнайы дауыс беру кезінде 1,31 миллион сайлаушының 1,08 миллионы дауыс беруге қатысты. Қатысу 82,5 пайызды құрады. Сол күні ішкі көшіп-қонушылар арасында тіркелген сайлаушылардың 77 пайызы дауыс берді. Дауыс беру сейсенбі күні таңғы сағат 7-ден кешкі 6-ға дейін өтті. Елдің барлық 18 провинциясында сайлау учаскелері ашылды, ал сайлау комиссиясының өкілдері мен байқаушылар сайлау процесін бақылады.

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа ас-Судани сайлауды саяси тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды қадам деп жариялады.

- Біздің халқымыз демократияға, еркін таңдауға және күшті мемлекет құруға деген адалдығын тағы да растап, алға қарай батыл қадам жасады, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін Ирак сайлау қауіпсіздігі комитеті сайлау учаскелерінің қауіпсіздік жоспарының сәтті жүзеге асырылғаны туралы хабарлаған болатын. Бірлескен операциялар қолбасшысының орынбасары генерал Кайс әл-Мухаммави дауыс беру кезінде коменданттық сағат енгізілмегенін және азаматтардың еркін қозғала алғанын атап өтті.

- Қауіпсіздік күштері кәсіби түрде әрекет етіп, барлық кандидаттардан тең қашықтықты сақтап, сайлаудың бейбіт өтуін қамтамасыз етті, - деп атап өтті ол.

Ирак сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру нәтижесі 24 сағат ішінде жарияланады, содан кейін шағымдарды қарау басталады. 2003 жылдан бергі алтыншы парламенттегі 329 орынға сайлауға 7743 кандидат, оның ішінде 2247 әйел қатысты.

Бұл 2003 жылы Саддам Хусейн режимі құлағаннан бері толық парламент құру үшін алтыншы рет өткізіліп отырған дауыс беру шарасы.

The National газетінің мәліметі бойынша, ықпалды діни қызметкер Муктада ас-Садр бойкот жариялағанына қарамастан, қазіргі сайлауға қатысу көрсеткіші өте жоғары деп саналады. 2021 жылы Ирактағы соңғы парламенттік сайлауда рекордтық төмен көрсеткіш - 41% болды.

Ирак сайлау комиссиясы сәрсенбі күні ұлттық сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялайды, бұл келесі үкіметті құру бойынша саяси блоктар арасындағы шиеленісті және ұзаққа созылатын келіссөздерге негіз болады.

Алдын ала нәтиже жарияланғаннан кейін келесі үкіметті құру бойынша саяси блоктар арасындағы шиеленісті және ұзаққа созылатын келіссөздер басталады.

Бұл процесс көбінесе даулы болуы мүмкін және кейде бірнеше айға созылады. 2021 жылғы сайлаудан кейін үкіметті құруға бір жыл кетті.

Жаңа парламенттің алғашқы міндеті спикерді, содан кейін президентті тағайындау болады, ол парламенттегі ең үлкен фракциядан әкімшілік құруды сұрайды.

Кеше Иракта парламент сайлауында дауыс беру басталғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар