16:09, 24 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Ирактың солтүстігінде Түркияның алты әскери қызметшісі қаза тапты

— 23 желтоқсанда лаңкестер «Pençe-Kilit» операциясы аумағындағы базаға кіруге тырысып, қақтығысқа ұласты, салдарынан алты қаһарман жолдасымыз қаза тауып, біреуі жарақат алды. Алдын ала деректер бойынша, қақтығыс кезінде 13 лаңкестің көзі жойылған. Аймақта операция жалғасып жатыр, - делінген Түркия Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Қорғаныс ведомствосы қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, жараланғандар тезірек сауығып кетсін деген тілек айтты.