Иран АҚШ-тың Катар мен Ирактағы базаларына шабуыл жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Тегеран «Жеңіс туралы хабарландыру» операциясының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран АҚШ-тың Катар мен Ирактағы базаларына зымыран операциясын бастады.
Иранның Ислам революциясы қамқоршылар корпусы (КСИР) Катар мен Ирактағы америкалық әскери нысандарға зымыран соққыларын ресми түрде растады.
Тегеранның мәліметінше, шабуыл өткен демалыс күндері АҚШ-тың Иранның ядролық қондырғыларына жасаған соққыларына жауап болған. Операция «Жеңіс туралы хабарландыру» деп аталды.
Негізгі мақсаттың бірі - АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) күштері орналасқан Катардағы Әл-Удейд әуе базасы. Ирак бағытындағы америкалық нысандарға зымырандар ұшырылған, бірақ ол туралы толық ақпарат болмай тұр.
– Біз Ислам Республикасына қарсы агрессияға жауап ретінде аймақтағы АҚШ әскери базалары бойынша ауқымды зымыран операциясын бастадық, - дейді КСИР өкілінің агенттігі.
Катар астанасы Доханың тұрғындары жойқын жарылыс пен аспандағы жарқыл туралы хабарлап жатыр. Қала үстінде Әзірге Катар билігі немесе Пентагон тарапы бұл туралы ресми түрде растамады.
Сирияның солтүстік-шығысындағы Касрек аймағындағы америкалық әскери базаға шабуыл жасалғанын жазған болатынбыз.