Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартты
АСТАНА. KAZINFORM - Иран билігі елдің солтүстік, батыс және оңтүстік аймақтарында ішкі және халықаралық рейстерге тыйым салуды 30 маусымға дейін ұзартты, деп хабарлайды Trend.az.

Бұл туралы Иранның жол және қала құрылысы министрі Маджид Ахван мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұшуға тыйым салу жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ге дейін күшін жоймайды.
Бұған дейін Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан 49 әйел мен 13 бала көз жұмғанын жазған едік.
Еске сала кетсек, 13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасады. Тегеранда жарылыстардың дыбысы естілді. Израиль төтенше жағдай режимін жариялап, өзінің әуе кеңістігін жапты. Иран Израиль соққысынан жоғары әскери қолбасшылары мен жетекші ғалымдары қаза тапқанын растады.
Жауап ретінде Иран Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) жіберді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық инфрақұрылымына қарсы жүргізілген «өте сәтті» әскери операция туралы мәлімдеді.