Иран әуежайлары көпшілігінің жұмысы жанданды

АСТАНА. KAZINFORM – Иран билігі елдің әуежайларының көпшілігі жұмысын жандандырып, әуе кеңістігі ашылғанын мәлім етті.

Иран әуежайлары көпшілігінің жұмысы жанданды
Фото: report.az

Бұл туралы Иран азаматтық авиациясының ресми мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Trend.

- Мехрабад пен Имам Хомейни әуежайлары, сондай-ақ елдің солтүстік, шығыс, батыс және оңтүстік өңірлеріндегі әуежайлар толықтай жұмысын қайта бастады және олар барлық қажетті қызметтерді көрсетуге дайын,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда ішкі және халықаралық рейстер елдің барлық әуежайларында рұқсат етілгені айтылған. Тек Исфахан мен Тебризде ғана жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-ден 18:00-ге дейін рұқсат жоқ.

Осыған дейін Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар