Иран азаматы қазақстан-түркімен шекарасында декларацияланбаған 30 мың доллармен ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Шекарада Иран Республикасының азаматынан декларацияланбаған валюта табылды.
None
None

Қазақстан-түркіменстан шекарасындағы «Темір-баба» кеден бекетінде Иран Республикасының азаматы басқарған «Volvo» маркалы көлікке кедендік бақылау жүргізу барысында кеден органдарынан жасырған 30 мың АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған шетелдік валюта тәркіленді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің ұйымдастыру-қаржылық басқармасының бастығы Мақсат Ақмұратов.

Аталмыш экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар