Иран дағдарысы АҚШ сенатындағы дау-дамайдың тасасында қалды

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсеттің қатысуымен болған сенаттағы тыңдаулар барысында америкалық әскерді АҚШ ішінде пайдалануға қатысты келіспеушіліктер туындады, деп хабарлайды The New York Times.

Сенат США
Фото: Рүстем Қожыбаев / Kazinform

Президент Дональд Трамп Иран басшылығынан капитуляцияны талап етіп отырғанда сенаторлар әкімшілікті армияны саясиландырды және қарулы күштердің имиджіне нұқсан келтірді деп айыптады.

Қарулы күштер комитетіндегі қорғаныс бюджеті туралы тыңдаулар кезінде демократтар Трамптың мемлекеттік және жергілікті көшбасшылардың қарсы болуына қарамастан теңіз жаяу әскерлері мен Ұлттық гвардияны Лос-Анджелеске орналастыруы армияны өзі қорғауы тиіс азаматтарға қарсы қоятынын айтып, шағымданды.

- Менің партиялас әріптестерім, әсіресе әскерде болғандар саяси істерге араласпайтын армияны қалыптастыруға тырысуы керек, азаматтар өздерінің әскерінен қорықпауы тиіс,- деді Мичиганнан сайланған демократ Элисса Слоткин.

Республикалықтар бұрынғы президент Джо Байденнің саясаты трансгендер солдаттарға ашық қызмет етіп, олардың аборт жасатуын қаржыландырып, айтарлықтай шығын келтірді, деп қарсы шықты.

- Біз төрт жылда армияның тура осылай саясиландырылғанынан ешқашан көрген емеспіз, - деді Индианадан сайланған сенатор Джим Бэнкс.

Трамп сәрсенбі күні америкалық әскерге Иранның ядролық реакторларына шабуылдауға бұйрық бере ме және Изриальдің соғысына қатыса ма ? деген сауалға тікелей жауап беруден бас тартты.

- Мен мұны істей аламын, мен мұны істемеуім де мүмкін. Айтайын дегенім, менің не істейтінімді ешкім білмейді, - деді Дональд Трамп.

Сенаттағы тыңдау демократтар мен республикашылдар арасындағы әскерді қалай және қашан қолдану керектігі туралы тағы бір келіспеушілікке негіз болды.

Хегсет: «Мен округ соттары ұлттық қауіпсіздік саясатын анықтауы керек деп есептемеймін», деді. Алайда ол Жоғарғы соттың шешіміне құрметпен қарайтынын айтты.

Хегсет Иранға соққы жасау, израильдіктерге Иранның ядролық әлеуетін жоюға көмектесу бойынша президент үшін басқа да мүмкіндіктерді қарастырып отырсыз ба, деген сауалдан жалтарып кетті.

- Қорғаныс министрлігіндегі біздің мақсатымыз дайын болу және мүмкіндіктерді қарастыру. Біз дәл осылай істеп жатырмыз, - деді Пит Хегсет.

Лос-Анжелеске тағы 2000 әскер жіберілгені бұған дейін хабарланған. Сонымен қатар, республикандықтар мен демократтардың конгрес топтары Таяу Шығыста соғыс бастамас бұрын Трамп әкімшілігінен конгрестің мақұлдауын алуды талап ететін қарар қабылдауды жоспарлап отыр.

Осыған дейін АҚШ азаматтарын Израильден эвакуациялап жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар