Иран Хиросимадағы апатты әлем есіне салды

АСТАНА. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат. Иран Ұлттық қауіпсіздігі Жоғарғы кеңесінің хатшысы Сайед Джалили әлемді ядролық қарусыздандыруға шақырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Ол 1945 жылдың тамызында американдық авиацияның бомбалауына ұшыраған жапондық Хиросима қаласына жасаған өзінің сапарында осындай мәлімдеме жасап, сөз сөйледі.

«Хиросимада жасалған қылмыс бұдан былай ешқашан қайталанбауы тиіс», - деп мәлімдеді Джалили. Сонымен қатар, ол барлық елдерге бейбір ядролық технологияларды дамыту құқығы берілуі тиіс және ирандық ядролық бағдарламаның тек бейбіт сипатқа ғана ие екенін атады.

Соңғы жаңалықтар