Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы Президент Ибрахим Раисидің тікұшағы табылғанын хабарлады

Раиси
Фото: ТАСС

ДУБАЙ. KAZINFORM - Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы құтқарушылар Раисидің тікұшағын тапқанын хабарлады, деп жазды, ресейлік ТАСС.

Іздеу-құтқару жасағы Иран Президенті Ибрахим Раисидің апатты жағдайда қонған тікұшағын тапты. Бұл туралы Иран Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы Хосейн Коливанд хабарлаған.

Осыған дейін Иран президенті мінген тікұшақтың апатты жағдайда қонғанын хабарладық.

Кейінірек Иран вице-президенті Мохсен Мансури Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын айтты.

Түркия оқиға орнына 32 альпинист пен тікұшақ жіберді.

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Иран президенті Ибрахими Раисиге қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Ресей президенті Владимир Путин апатты жағдайда қонған Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақты іздеуге көмектесу үшін 50 құтқарушы, екі ұшақ пен тікұшақ жіберуге бұйрық берді.

 

 

Соңғы жаңалықтар