Иран Израиль мен АҚШ базаларын баллистикалық зымыранмен атқылағанын мәлімдеді

АСТАНА.KAZINFORM - Ислам революциясының қамқоршылар корпусы (КСИР, Иран қарулы күштерінің элиталық бөліктері) Израиль мен АҚШ базаларына қарсы «Шынайы уәде-4» операциясының 48-ші кезеңін жариялады. Шабуыл барысында баллистикалық зымырандар қолданылды, деп хабарлайды ТАСС.

соққы жасады
Фото: Fars news

- «Шынайы уәде-4» операциясының 48-ші кезеңінде біз Kheibar Shekan класты қатты отынды баллистикалық зымырандар мен Qadr класты сұйық отынды баллистикалық зымырандарды пайдаланып, Израильдің солтүстігіне және Таяу Шығыстағы бірнеше АҚШ базаларына сәтті соққы бердік, - делінген Иранның мемлекеттік телеарнасы таратқан мәлімдемеде.

Әскерилер АҚШ-тың қай әскери нысандарына шабуыл жасалғанын нақтылаған жоқ.

28 ақпанда Израиль Тегеранға қарсы «алдын алу шабуылын» бастады. Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операцияның басталғанын жариялады.

Ислам революциясы қамқоршылар корпусы Израильдегі нысандарға және аймақтағы АҚШ базаларына шабуыл жасай отырып, ауқымды кек алу операциясын жариялады. Бахрейндегі, Иорданиядағы, Катардағы, Кувейттегі, БАӘ-дегі және Сауд Арабиясындағы АҚШ әскери нысандары нысанаға алынды.

Соңғы жаңалықтар