Иран Израильмен соғыстан соң әскери жаттығу өткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл Тегераның қорғаныс мүмкіндіктерін нығайтып, жаңа қауіптерге қарсы тұруға дайын екендігін көрсету, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Иран провел военные учения впервые после войны с Израилем
Фото: IRNA

Иранның әскери-теңіз күштері бейсенбі күні Үндістанның солтүстік бөлігіндегі Оман теңізінде «Тұрақты қуат-1404» деп аталатын ауқымды зымырандық оқу-жаттығулар өткізді, деп хабарлайды IRNA агенттігі.

Бұл – маусым айында Иран мен Израиль арасында болған 12 күндік соғыстан кейін Тегеран өткізген алғашқы дербес әскери оқу-жаттығу. Аталған қақтығыс кезінде Иранның ядролық және әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына соққылар жасалған болатын.

Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, оқу-жаттығулар барысында әртүрлі қашықтықтағы «Насир», «Кадир» және «Кадер» қанатты зымырандары қолданылған. Зымырандар жағалаудағы қондырғылар мен теңіздегі кемелерден, атап айтқанда «Генавех» фрегаты мен «Сабалан» эсминецінен — ұшырылып, барлығы белгіленген нысаналарға дәл түскен.

Ислам республикасының Қорғаныс министрі, бригада генералы Азиз Насирзаде Иранда соғыс кезінде қолданылған қарулардан асып түсетін жаңа қару түрлері бар екендігін мәлімдеді.

Оның сөзінше, зымырандардың зымыранға қарсы жүйге қарсы тұру мүмкіндігі 90 пайыз.

Оқу-жаттығу барысында ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен радиоэлектрондық күрес элементтері қолданылды. Әскери ведомствоның мәліметінше, бұл шаралар ықтимал шабуылдарға тойтарыс беру дайындығын арттырып, түрлі бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігін жетілдіреді.

Ирандық телеарналар жаттығудың Каспий теңізінде Ресей мен Иран бірлесіп өткізген «Casarex 2025» оқу-жаттығуларынан кейін бір ай өткен соң өтіп жатқанын хабарлады. Бұл жолы жаттығулар елдің оңтүстігіндегі суларда, тұрақты әскери-теңіз күштерінің қатысуымен өтті.

- Жаудың кез келген қитұрқылығына бірден және жойқын соққы беріледі, - делінген қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Араб БАҚ-тарының жазуынша, бұл Тегеранның қорғаныс әлеуетін жылдам қалпына келтіріп, тежеу мүмкіндіктерін нығайта алатындығын паш ету болатын.

Сарапшылар оқу-жаттығуды Иранның қарсы тұруға дайындығы мен маусымда нұқсан келген әскери имиджін қалпына келтіруге ұмтылысы екендігін айтады.

Осыған дейін Иран Израильмен қақтығыс кезінде 21 мың адам ұсталғанын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар