Иран Израильмен уақытша бітім жасасқаннан кейін әуе кеңістігін толық ашты

АСТАНА. KAZINFORM — Иран Израильмен болған 12 күндік қақтығыстан кейін енгізілген барлық әуе қозғалысы шектеулерін алып тастады. Бұл туралы Иранның Азаматтық авиация ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.

Иран Израильмен уақытша бітім жасасқаннан кейін әуе кеңістігін толық ашты
Фото: report.az

Мекеменің мәліметінше, ішкі және халықаралық рейстер соғысқа дейінгі деңгейге қайта оралды. Сонымен қатар Тегерандағы Мехрабад халықаралық әуежайының тәулік бойы жұмыс режимі қалпына келтірілгені расталды.

— Осы сәттен бастап барлық әуе компания мен туристік агенттіктер билет сатуды және рейстерді брондауды тәулік бойы қайтадан жүзеге асыра алады, — делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, Иран әуе кеңістігін 13 маусымда Тегеран мен өзге де аймақтарға Израильдің әуе шабуылдары жасалғаннан кейін жапқан болатын. Қақтығыс 24 маусымда бітіммен аяқталды.

Иран әуе кеңістігін кезең-кезеңімен ашуды 26 маусымда бастады. Әуежайлар қалыпты жұмысқа біртіндеп қайта көшті. 17 шілдеде Азаматтық авиация ұйымы барлық әуежайдың толық жұмысын қалпына келтіргенін хабарлады, тек Мехрабад әуежайы ғана 4:00-ден 19:00-ге дейін шектеулі режимде жұмыс істеген еді.

Айта кетелік Иранда елдің қорғанысын қамтамасыз ететін жаңа Кеңес құрылады

Соңғы жаңалықтар