Иран қажылық маусымына толық дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Иранда биылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға барлық қажетті жағдай жасалған, деп хабарлайды ИРНА.

в
Фото: ИРНА

Бұл туралы Қажылық және зиярат істері ұйымының өкілі Насер Ховейзави Мәдина әуежайына алғашқы қажылар тобы келгеннен кейін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясына қажылардың кіруін қамтамасыз ету үшін ұзақ келіссөздер жүргізілген.

– Қажылықты лайықты өткізу үшін барлық жағдай толық дайын. Негізгі топтар келе бастаған сәттен қызмет көрсетуге кірісуге әзірміз, – деді Насер Ховейзави.

Айта кетейік, алғашқы топ Iran Air әуе компаниясының рейсімен Тегерандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайдан ұшқан.

Бұған дейін Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады.