Иран Ливаннан елшісін кері шақырудан бас тартты
АСТАНА. KAZINFORM — Тегеран мен Бейрут арасындағы дипломатиялық дағдарыс Ливандағы соғыс пен елдің егемендігіне қатысты дау-дамайдың фонында күшейіп келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Иран Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ливандағы елшісі Мохаммед Реза Шибани Бейрутте жұмысын жалғастыра береді. Ливан билігі оны нон грата деп жариялап, 29 наурызға дейін елден кетуді талап еткен болатын, бірақ елші мерзім өтіп кеткеннен кейін де Бейрутте қалып отыр. Елшілік әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып отыр.
— Біздің елшіміз Бейруттегі қызметін жалғастыра береді және сол жерде қалады, — деді дүйсенбі күні Иран СІМ ресми өкілі Эсмаил Багаи.
Еске салсақ, 24 наурызда Ливан СІМ Иран елшісін өз елінің ішкі істеріне араласты деп айыптап, оның тағайындауын кері қайтарған. Оған елден 29 наурызға дейін кету міндеттелген, бірақ елші уақыт өтіп кеткеннен кейін де Бейрутте қалып отыр.
طلبتُ اليوم من الأمين العام لوزارة الخارجية والمغتربين استدعاء القائم بالأعمال الإيراني في لبنان، لإبلاغه قرار سحب الموافقة على اعتماد السفير الإيراني المعيّن محمد رضا شيباني وإعلانه شخصاً غير مرغوب فيه، مع إلزامه مغادرة الأراضي اللبنانية في مهلة أقصاها 29 آذار 2026.
— Youssef Raggi (@YoussefRaggi) March 24, 2026
🇱🇧
Жексенбі күні AFP агенттігі Иран дипломатиялық көзіне сілтеме жасап, елшінің елден шықпайтынын хабарлады. Агенттік дерегінше, бұл шешім Ливан парламент спикері Набих Берри мен «Хезболла» тарапынан қолдау тапқан.
«Хезболла» Иран елшісін шығару туралы шешімді саяси себептермен қабылданған деп сынап, оның құқықтық негізі жоқ екенін және сыртқы қысымға берілген қауіпті сигнал екенін атап өтті.
Сондай-ақ өткен аптада «Хезболла» және оның серігі «Амаль» партияларының министрлері Ливан үкіметінің отырысына бойкот жариялап, Иран елшісін «persona non grata» деп жариялау шешіміне қарсылық білдірді.
Hezbollah strongly condemned #Lebanon's Foreign Minister of Affairs, Yousseff Rajji's decision to revoke the approval for the newly appointed Iranian ambassador, Mohammad Reza Sheibani, declare him persona non grata, and oblige him to leave Lebanon by March 29, 2026.
— Al Mayadeen English (@MayadeenEnglish) March 24, 2026
In its… pic.twitter.com/3ufhptRdHg
Израиль билігі де жағдайға пікір білдірді. Израиль СІМ министрі Гидеон Саар Ливан үкіметін шешімін орындауға қабілетсіз деп сынға алды:
— Мерзім өтіп кетті, ал Иран елшісі Бейрутте қалып отыр, ештеңе болмағандай. Бұл Иранның ел ішіндегі ықпалын көрсетеді, — деді министр.
Оның айтуынша, Иран мен «Хезболла» қозғалысының рөлін шектеуге нақты қадам жасалмайынша, Ливан толық егемендігін қалпына келтіре алмайды.
Last week, the Lebanese Foreign Ministry declared the Iranian ambassador a "persona non grata" and set a deadline for his expulsion from Lebanon. That deadline expired yesterday, March 29th.
— Gideon Sa'ar | גדעון סער (@gidonsaar) March 30, 2026
This morning, the Iranian ambassador is sipping his coffee in Beirut, mocking the host… pic.twitter.com/EPqIfSzue8
Дипломатиялық дағдарыс Ливанның оңтүстігіндегі соғыс әрекеттерінің күшеюімен қатар жүріп жатыр. Израиль әскерлері «Хезболлаға» қарсы жергілікті және әуе операцияларын жүргізіп, шекара бойында буферлік аймақ құруға тырысуда. «Хезболла» өз кезегінде қарсылық көрсетуге дайын екенін мәлімдеп, Израиль әскерінің әрі қарай алға жылжу салдарын ескерткен.
Халықаралық ұйымдардың дерегінше, эскалация басталғаннан бері 1 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, бұл Ливанға гуманитарлық қысымды күшейтіп отыр.
Сондай-ақ, Ливанда парламенттік сайлау Израильмен қақтығысқа байланысты екі жылға шегерілді.