02:36, 04 Шілде 2025 | GMT +5
Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты жалғастырады
АСТАНА. KAZINFORM – Иран Ядролық қаруды таратпау туралы шарт талаптарын сақтайды және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын.

Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Trend.
- Біздің ынтымақтастығымыз қауіпсіздікке байланысты Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.
Айта кетейік, 25 маусым күні Иран президенті МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы заңды мақұлдаған болатын.