Иран мавзолейінде ер адам 15 адамды атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Иранның Шираздағы Шах-Черах мавзолейінде белгісіз атам қарудан оқ жаудырды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, салдарынан кем дегенде 15 адам мерт болып, ондағаны жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
None

Қаза тапқандар арасында бір әйел мен екі бала бар.

Иран мемлекеттік телеарнасы кем дегенде 19 адамның зардап шеккенін мәлімдеп отыр.

IRNA ақпарат агенттігі қарулы шабуылды үш адам жасағанын хабарлады. Алайда провинция басшысының орынбасары Фарс Эсмаил Мохебипур телеэфирде бір ғана адам оқ атқанын, кейін ол жарақат алып, ұсталғанын мәлім етті. Шенеуніктің айтуынша, қаскөй Калашников автоматын қолданған.

Қарулы шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» ұйымы (Қазақстанда және өзге елдерде тыйым салынған) алды. Бұл туралы аталмыш террористік топпен байланысты сайттарда және Telegram-каналдарда жазылды.



Фото: Iranian Red Crescent Society




Соңғы жаңалықтар