Иран мәжілісі ШЫҰ-ға кірудегі міндеттемелеріне байланысты заң жобасын қабылдады

None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иран мәжілісі сәрсенбіде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Иранның міндеттемелеріне байланысты меморандум туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Заң жобасын қабылдауға 161 депутат дауыс берді, 3-еуі қалыс қалды, 2 парламентші қарсы дауыс берді.

Ел вице-президентінің парламенттік істер жөніндегі орынбасары Али Адяни бұл заң жобасы министрлер кабинетінің отырысында Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша мақұлданғанын және заңдық рәсімдерді орындау үшін Парламентке жолданғанын атап өтті.

«Иранның ШЫҰ-ына кіруі экономикалық, әлеуметтік және халықаралық тұрғыдан қарағанда санкцияларды еңсеру мақсатында және Ұйымға мүше елдермен экономикалық дипломатияның күшеюіне сәйкес ерекше маңызға ие», - деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 15 қыркүйегәнде Иран СІМ басшысы Хоссейн Әмір Абдоллахиян мен ұйымның Бас хатшысы Чжан Мин Самарқандта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Иран міндеттемелері туралы Меморандумға қол қойған болатын.

Өткен жылдың 27 қарашасында Иран Мәжілісі Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) кіруі туралы заң жобасын қабылдады.

2005 жылы Иран ШЫҰ-ына бақылаушы ел болды. Елдің ұйымға толыққанды мүшелікке ену процесі 2021 жылы басталды.


Фото: ru.irna.ir

Соңғы жаңалықтар