Иран мен «еуроүштік» 25 шілдеде ядролық келіссөз өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Иран 25 шілдеде өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Ұлыбритания, Франция және Германиямен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды TABNAK.

Иран мен «еуроүштік» 25 шілдеде ядролық келіссөз өткізеді
Фото: tabnak.ir

— Иран Еуропа елдерінің өтінішіне жауап ретінде келіссөздің жаңа раундын өткізуге келісті, — деп мәлімдеді Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Багаи.

Оның айтуынша, кездесу сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өтеді. 

Исмаил Багаи хабарлағандай, Иран мен Еуропа арасындағы бұл келіссөз Тегеранның АҚШ-пен жанама келіссөзінен бөлек өтеді. Алдағы кездесуде еуропалық елдердің ядролық келісімдегі рөлінің сипаты мен санкциялар енгізудің «кері механизмі» мәселесіне көңіл бөлінеді. 

«Еуроүштік» елдері бұған дейін Иран мен АҚШ арасында бұрын жүргізілген келіссөз қайта жалғаспаса немесе нақты нәтиже бермесе тамыз айының соңына дейін БҰҰ-ның Тегеранға қарсы санкцияларын «кері механизм» (snapback) бойынша қалпына келтіретінін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Трамп Иранның ядролық нысандарын жоятынын ескерткенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар