Иран мен Ирак шекарасындағы зілзаладан 6 адам қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Иран мен Ирак шекарасындағы 7,4 магнитудалық қуатты жер сілкінісінен кемінде 6 адам қайтыс болып, ондаған адам зардап шекті, деп жазады ТАСС.

Иран мен Ирак шекарасындағы зілзаладан 6 адам қайтыс болды

Жексенбі күні кешкісін Иран мен Ирак шекарасында 7,4 магнитудалық жер сілкінісі болды. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарынша, жерасты дүмпуінің ошағы Иранның Сарполь-э-Захаб қаласынан солтүстікке қарай 32 км қашықтықта және Ирактың Сулеймания қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 100 км қашықтықта болған. Тереңдігі 10 км.

Жер сілкінісі Ирактың көптеген провинциялары, соның ішінде Бағдат арқылы өтті. Жерасты дүмпулері жер сілкінісінің ошағынан 200 км аймақта жатқан Кувейтте де сезілді. Табиғат апаты болған аймақ тұрғындары үйлерін тастап шықты.