Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан кез келген кемені ататынын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекет еткен кез келген кемеге шабуыл жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW басылымы жазды.

Омуз бұғазы
Фото: Аzertag.az

«Біз өңірден бір тамшы да мұнайдың шығуына жол бермейміз», деп мәлімдеді ирандық генерал Сардар Джабари жергілікті телеарнаның эфирінде. 

Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімдерінің шамамен 20–30%-ы тасымалданады. Негізгі алушылардың бірі — Қытай.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израильмен бірге Иранға қарсы шабуылды бастағанын айтып:

«Бастапқыда бұл 4–5 аптаға созылады деп болжаған едік, бірақ бізде шабуылдарды әлдеқайда ұзақ уақыт жүргізуге мүмкіндік бар», — деген болатын.

АҚШ сондай-ақ Иранның әуе кеңістігін бақылауға алғанын жариялады. 

Еске сала кетсек, Трамп Иранға қарсы әскери операция қажет болғанша жалғасатынын мәлімдеді

АҚШ Қарулы күштері Тегеранның ядролық және зымырандық мүмкіндіктерін жоюға бағытталған Иран аумағындағы ауқымды операцияларды жалғастырып жатыр. Президент Дональд Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде операцияның басты мақсаты — Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу және Еуропа мен АҚШ-қа төнетін қауіпті бейтараптандыру екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум