Иран Ормуз бұғазын миналап жатқан жоқ — СІМ басшысының орынбасары

АСТАНА. KAZINFORM - Иран Ормуз бұғазы аумағында теңіз миналарын орнатып жатқан жоқ. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Мәжид Тахт-Раванчи AFP агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Мәжид Тахт-Раванчи
Фото: parstoday

Бұған дейін Дональд Трамп америкалық әскерилер бұғаз маңында мина орнатуға пайдаланылған 28 ирандық кемеге соққы жасағанын хабарлаған еді.

Ол сондай-ақ Иран кейбір елдердің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергенін айтқанымен, нақты қай мемлекеттер екендігін нақтыламады.

-Кейбір мемлекеттер бұғаз арқылы өту мүмкіндігіне қатысты бізбен байланысқа шықты. Біз олармен бұл мәселеде өзара іс-қимыл жасадық, — деді Тахт-Раванчи.

— Алайда агрессияны қолдаушы елдер Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өту құқығын пайдаланбауы тиіс деп есептейміз,-деді сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Осыған дейін Ормуз бұғазындағы жүк тасымалы 90%-ға төмендегені туралы жаздық.

Ал бүгін Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ормуз бұғазы ашылмайтынын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар