Иран президенті хиджаб туралы заңға вето қойды
АСТАНА.KAZINFORM - Ресми Тегеран әйелдердің қоғамдық орындарда міндетті түрде хиджаб киюі туралы қатаң заң енгізу процесін тоқтатты, деп жазады Euronews.

Хиджаб киюден бас тарту қазірдің өзінде Иранда айыппұл салынады немесе түрмега қамалады, бірақ жаңа заңмен жаза сомасы да, мерзімі де ауыр болады.
Вето құқығын пайдаланған ел президенті Масуд Пезешкян Иран парламентінің ережелерді қатаңдату бастамасын қолдамады. Ол жаңа шара қолдану наразылық тудыруы мүмкін екенін ескертті.
Осыған дейін Сенат Иранмен сауданы жаңа деңгейге шығаруға арналған заңды мақұлдағанын жаздық.
Қарастырылып отырған заң тараптардың сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту, тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты бажсыз сауда режимін қамтамасыз етуге бағытталған.