Иран президенті отставкаға кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
АСТАНА. KAZINFORM — Иран билігі ел президенті Масуд Пезешкианның отставкаға кетуі мүмкін деген ақпараттарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Иран президенті Масуд Пезешкиан қызметінен кетуді жоспарламайтынын және өз міндетін атқара беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол алдын ала жазылған бейнеүндеуінде айтты. Үндеудің үзінділерін сейсенбі күні Иранның мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі жариялады.
— Егер мен отставкаға кететін болсам, бұл туралы өзім ашық түрде мәлімдеймін. Мен қызметтен кетпеймін, күресімді жалғастырамын, — деді Пезешкиан тараған қауесеттерге жауап беріп.
Иран президенті сондай-ақ елдің Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи мен қарулы күштер арасында, сондай-ақ өзімен олардың арасында келіспеушілік бар деген ақпаратты жоққа шығарды.
Iran’s Supreme Leader Mojtaba Khamenei warned President Masoud Pezeshkian that he would accept his resignation if he submitted it again, prompting him and other senior officials to back down, senior cleric Mohammad-Bagher Kharrazi, a relative of Mojtaba Khamenei by marriage,… pic.twitter.com/SlTslC85wW
— Iran International English (@IranIntl_En) August 3, 2026
— Біз толық үйлесімді жұмыс істеп жатырмыз. Егер қандай да бір қайшылық туындаса, қарулы күштердің Хаменеи жағында болатынын бәрі біледі, — деді ол.
Пезешкианның айтуынша, кейбір күштер президент пен Жоғарғы көшбасшы арасында түсініспеушілік бар деген пікір қалыптастыруға тырысып жатыр. Алайда мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.
IRNA агенттігінің хабарлауынша, президенттің толық бейнеүндеуі сейсенбі күні төрт бөлімге бөлініп жарияланады. Онда Пезешкиан соңғы екі жылдағы үкімет жұмысының қорытындысын жасап, соғыс жағдайы мен ықтимал келіссөздер мәселесіне тоқталады.
Бұған дейін бірқатар ирандық оппозициялық ақпарат құралдары саясаткер Мұхаммад Багер Хараззиге сілтеме жасап, Пезешкиан Моджтаба Хаменеиға отставкасын қабылдау туралы 28 рет өтініш жасаған деген ақпарат таратқан болатын.
Иран президенті әкімшілігі бұл мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.
Iran's presidency rejects claims President Masoud Pezeshkian sought to resign 28 times.
— Kurdistan 24 English (@K24English) August 4, 2026
Officials dismissed Mohammad Bagher Kharrazi's allegations as "pure fabrication" and denied reports of broader political and security reshuffles, saying the claims are unsubstantiated.
Find…
Президент әкімшілігі басшысының қоғаммен байланыс және ақпарат жөніндегі орынбасары Мехди Табатабаи отставка туралы әңгімені «толықтай ойдан шығарылған ақпарат» деп атап, мұндай мәселе ешқашан қарастырылмағанын айтты.
Еске сала кетейік, Иран АҚШ-пен Ормуз бұғазы бойынша келісім жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Пезешкиан Иранда реформа жүргізуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ҚР Президентінің Телерадиокешеніне берген эксклюзивті сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан Еуразияның негізгі торабына айналып жатқанын айтты.