Пезешкиан Иранда реформа жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Иран үкіметі заңды наразылықтар мен тәртіпсіздіктердің айырмашылығын анықтайды және өзгеріс енгізуге дайын. Бұл туралы Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан халыққа арнаған үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Пезешкиан заявил о готовности провести реформы в Иране
Фото: © Владимир Смирнов/ ТАСС

– Біз халықтың дауысын тыңдауға дайынбыз және экономикалық реформаларды жалғастыруға бел будық, - деп атап өтті саясаткер Al Mayadeen телеарнасынан көрсетілген үндеуінде. – Біз ирандықтарды өз талабын анық білдіру үшін көшеге шығуға және тәртіпсіздіктерді өршітетіндердің қазіргі наразылық себебін бұрмалауына жол бермеуге шақырамыз.

Пезешкиан демонстранттар экономикалық жағдайдың нашарлауына наразылық білдіріп жатқанын, бірақ олар нарықты өртеп немесе қылмыстық әрекет жасап жатпағанын мәлімдеді.

– Ирандағы тәртіпсіздіктерді Америка мен Израиль ұйымдастырып жатыр. Олар өз агенттеріне жағдайды тұрақсыздандыруды бұйырады, - деп атап өтті ол.

2025 жылдың 29 желтоқсанында Иран риалының күрт төмендеуіне байланысты Тегеранда саудагерлер наразылық білдіре бастады. 30 желтоқсанда студенттер тәртіпсіздікке қосылды. Тәртіпсіздік көптеген ірі қалаларға тарады. 2 қаңтарда көшелерде белгісіз қарулы адамдар тобы пайда болды, ал тәртіпсіздікке қатысушылар мен құқық қорғау органдары арасындағы қарулы қақтығыс күшейе түсті.

Жаппай тәртіпсіздік 8 қаңтардың кешінде шарықтау шегіне жетті. Билік 25 құқық қорғау органы қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады. Тегеран мэрі Алиреза Закани тәртіпсіздік астанада 25 мешітті өртеп, 26 банкке, үш медициналық орталыққа, 10 үкіметтік мекемеге, 48 өрт сөндіру көлігіне, 42 автобус пен жедел жәрдем көлігіне және 24 пәтерге зиян келтіргенін хабарлады.

Иран билігі тәртіпсіздік жасаушыларды террористер деп атап. Мұны ұйымдастырды деп Израиль мен Америка Құрама Штаттарын кінәлады.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Дональд Трамп Иран үкіметіне қарсы үш жылдағы ең ірі жаппай наразылыққа қатысты пікір білдіріп, Америка Құрама Штаттары наразылық білдірушілерге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

11 қаңтарда Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф АҚШ елге шабуыл жасаса, америкалық әскерлер мен Израиль «заңды нысана» болатынын ескертті.

Иранның Ұлттық полициясының бастығы Ахмад-Реза Радан билік тәртіпсіздікке негізгі қатысушылар деп санайтын адамдарды тұтқындағанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар