Иран президенті шабуылдан зардап шеккен көрші елдерден кешірім сұрады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік телеарна арқылы жасаған өзінің мәлімдемесінде Масуд Пезешкиан Иранның көрші елдерге жасаған шабуылы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Irna.

Масуд Пезешкиан
Фото: Anadolu

-Шабуылға ұшыраған көрші елдерден кешірім сұрау керек. Біздің көшбасшымыз және біздің тәлімгерлеріміз елімізге басып кірген жауға қарсы күресте мерт болды. Біздің Қарулы Күштеріміз өздерін құрбан етуге дайын және елдің территориялық тұтастығын сақтау үшін өмірлерін қатерге тікті. Олар қолбасшылары жоқ кезде жерімізді абыроймен, күшпен қорғау үшін қажеттінің бәрін істеді. Біздің көрші елдерге шабуылдау ниетіміз жоқ. Өйткені олар біздің бауырларымыз және біз бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін олармен бірге болуға тырысып келеміз,-деді Иран президенті.

Ол Көшбасшының уақытша кеңесінде бұдан былай егер өздері қарсы шықпаса, көрші елдерге шабуылдамау туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

-Бұл мәселе дипломатиялық жолмен шешілуі керек, - деп қосты ол.

Осыған дейін Иран президенті достас және көршілес елдерге үндеу жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум