Иран радар және зымыран техникаларының жаңа үлгілерін сынақтан өткізді
«Хатм әл-Әнбия» ӘШҚ базасы қолбасшысының орынбасары генерал Әли Реза Саббахифардтың мәлімдеуінше, олар «Исбах әл-Хода» кодтық атауымен жүргізілген маневрлер кезінде болды. Парсы шығанағындағы Киш аралы жаттығу орталығы болды, онда жаңа техникаға ие болған әуе шабуылынва қарсы қорғаныс бөлімшелері орналасқан.
Фарс агенттігі ұрыс жағдайына барынша жақындатылған түрде жаңа преспективалы зенит зымырандары, радарлар мен артиллерия жүйелері сынақтан өткізілді. Саббахфардтың айтуынша, маневрлер елдің әртүрлі аудандарында бірнеше кезеңмен өткізілген.
«Сөйтіп, біз қарулардың жаңа үлгілеріне баға берумен қатар, елдің ӘШҚ әскерлерінің жауынгерлік даярлығының нақты дәрежесін айқындауға мүмкіндік алдық», - деп атап өтті генерал.
«Хатам әл-Әнбия» базасы зымыран қарулары мен радар жүйесінің заманауи түрлері жасалатын озық орталық болып табылады. «Рассид-32» деп аталатын олардың бірі Киштегі маневрлер кезінде сынақтан өтті. Жүйе қарсыластың әуедегі ұшу мақсаттарының биіктігі, жылдамдығы және бағыты туралы ақпарат жинауға арналған. Бұдан кейн бұл мәліметтер автоматты түрде 15 шақырымға дейінгі қашықта орналасқан ӘШҚ командалық пункттеріне жіберіледі.