Иран Республикасының Бас Консулы Маңғыстау облысының кеденшілерімен кездесті

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Ираннан келетін бизнесмендерді асыға күтуде. Бұл туралы бүгін Ақтау қаласындағы ИИР Бас Консулы Маңғыстау кеденшілермен кездесуінде хабарлады.
None
None

Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде КБД бастығы Әнуар Шөжеғұлов Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас Консулы Сейид Алиреза Мортазавимен кездесті.

Кездесу барысында Ә.Шөжеғұлов Кеден одағының экономикалық әлеуетіне қысқаша шолу жасай келе, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі даму тетіктері туралы айта келе, экономикалық одақтарды құрудың халықаралық тәжірибесіне жүгінді. КБД бастығы дипломатты республикадағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен және қоғамдық-саяси жағдаймен таныстыра келе, ҚР кеден органдары қызметінің бағыттары мен оның екіжақты байланыстарды дамытудағы мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қонақтарға Маңғыстау туралы ақпараттық материалдар бар кітаптар таныстырылды.

Консул мырза Иран туралы, негізінен оның экономикасының негізгі салалары мен импорттық өнімдері туралы баяндап берді. С.Мортазави атап өткендей, Маңғыстау облысы ИИР бизнесмендері үшін өзінің экономикалық және көліктік әлеуетімен өте қызықты.

Соңғы жаңалықтар