Иран соққысынан кейін Тель-Авивте кемінде 40 ғимарат зақымданды
АСТАНА. KAZINFORM — Иранның зымырандық соққысынан кейін Тель-Авив қаласында кемінде 40 ғимаратқа зақым келген. 200-ден астам тұрғын эвакуацияланып, бір әйел қаза тапты. Елдің орталық аудандарында әуе дабылы сиреналары әлі де қосылып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі.
Haaretz басылымы Тель-Авив муниципалитетіне сілтеме жасап хабарлағандай, ирандық зымыран соққылары салдарынан кемінде 40 ғимарат бүлінген. 200-ден астам тұрғын үйлерінен шығарылып, қаланың үш қонақүйіне орналастырылды.
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иран тарапынан жаңа зымыран ұшыру белсенділігі тіркелгенін мәлімдеді. Әскери деректерге сәйкес, соңғы тәулікте Израильге және Таяу Шығыстың өзге елдеріне, негізінен Батыс Иран аумағынан бірнеше жүз зымыран ұшырылған.
Direct Iranian missile impact in Tel Aviv confirmed.
— The Cradle (@TheCradleMedia) February 28, 2026
Damage and injuries reported. pic.twitter.com/trz2iU5Xqa
Әуе дабылы сиреналары Тель-Авив, Петах-Тиква, Ришон-ле-Цион және Израильдің орталық өңірлерінде, сондай-ақ Иордан өзенінің батыс жағалауында қосылды. Кейінірек дабыл Иерусалим маңында және елдің солтүстігінде де жарияланған.
Drone footage shows damage in Tel Aviv after Iranian strike, reportedly leaving 40 buildings damaged and over 200 evacuees. pic.twitter.com/48czHsaxNv
— Middle East Eye (@MiddleEastEye) March 1, 2026
ЦАХАЛ-дың тыл қолбасшылығы түнгі соққы кезінде Тель-Авивтегі тұрғын үй маңына зымыранның сынығы емес, толыққанды ирандық баллистикалық зымыран құлағанын анықтады.
Әскери бағалауға сәйкес, зымыран бірнеше жүз килограмм салмақтағы оқтұмсықпен жабдықталған. Жарылыс ауқымды қирауға әкеліп, үлкен шұңқыр пайда болған.
More from Tel Aviv. Missile strikes on Tel Aviv left 21 wounded: 1 critical, 1 severe, 3 moderate, and 16 mild injuries. #Iran pic.twitter.com/V3GucWDmEW
— NOELREPORTS 🇪🇺 🇺🇦 (@NOELreports) February 28, 2026
The Times of Israel келтірген тергеу нәтижелеріне сай, қаза тапқан әйел қарт адамға күтім жасаған шетелдік күтуші болған. Ол паналау орнына жетіп үлгермеген. Соққы түскен үй ескі ғимарат болған және жеке қорғалған бөлмелері болмаған. Тұрғындардың басым бөлігі қоғамдық бомба панасына эвакуацияланып үлгерген. Қамқорлық көрсетілген қарт әйел құтқарушылар тарапынан үйінді астынан тірі шығарылды.

ЦАХАЛ мәліметінше, қазіргі зымыран толқындары әдетте бірнеше минут аралықпен үш зымыраннан тұратын шағын топтармен жүзеге асуда. Алайда Тель-Авивке жасалған түнгі шабуыл 20-дан астам зымыранды қамтыған. Израиль әскері 2025 жылғы маусымдағы қақтығыс кезінде Иран ірі көлемді, арасы ұзақ үзіліспен жасалған залптар қолданғанын атап өтті.
Бұған дейін ЦАХАЛ тыл қолбасшылығы іздестіру-құтқару жұмыстары үшін шамамен 20 мың резервисті жұмылдырғаны хабарланған.
Magen David Adom жедел жәрдем қызметі соңғы шабуыл толқынынан кейін алғашында жаңа зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді. Құтқару бригадалары ықтимал құлау орындарына жіберілді.
Айта кетелік Таяу Шығыстағы ахуал жайында мына сілтемеден өтіп оқи аласыз.