Иран Трамптың жаңа ультиматумынан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Иран билігі Дональд Трамптың АҚШ-тың екі күннен кейін аяқталатын ультиматумы туралы ескертуін үзілді-кесілді қабылдамады. Бұл туралы 4 сәуір, сенбі күні кешке Иранның бірқатар көшбасшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі DW-ге сілтеме жасап.

Иран Трамптың жаңа ультиматумынан бас тартты
Фото: Morteza Nikoubazl/ NurPhoto/ picture alliance

Трамптың сөздеріне жауап ретінде Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Эбрахим Азизи әлеуметтік желіде Иранның америкалық сарбаздарды «тікелей тозақ түбіне жіберетінін» жазды. 

Иранның жоғары әскери өкілі, генерал Әли Абдоллахи Алиабади АҚШ президенті бірқатар жеңілістен кейін Иранның инфрақұрылымы мен активтеріне қауіп төндіруге мүмкіндік беріп отыр деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ АҚШ соққыларының жаңа толқынын бастаса, «тозақтың қақпалары ашылады» деп мәлімдеді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Иран АҚШ пен Израиль нысандарына жаңа соққылар жасағанын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар