Иран ядролық қару әзірлеп жатыр ма – МАГАТЭ басшысының екіұшты жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің (IAEA) бас директоры Рафаэль Гросси CNN телеарнасына берген сұхбатында агенттік қолында Иранның жүйелі түрде ядролық қару әзірлеп жатқаны туралы дәлел жоқ екенін айтты.

Глава МАГАТЭ
Фото: x.com / @rafaelmgrossi

Сөйте тұра ол Тегеран агенттік инспекторларынан тасада құпия жұмыс істеп жатқаны болуы мүмкін екенін теріске шығармады. 

- Біз ядролық қару әзірлеу бағытында жүйелі іс-қимылға дәлел болатын деректер тапқан жоқпыз. Тіпті ондай жұмыстар құпия жүргізілген күннің өзінде бізде оны дөп басатын мүмкіндік жоқ, - деді ол.

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің (IAEA) бас директоры Рафаэль Гросси CNN телеарнасына берген сұхбатында агенттік қолында Иранның жүйелі түрде ядролық қару әзірлеп жатқаны туралы дәлел жоқ екенін айтты.

Оның сөзінше, IAEA есептерінде ирандық нысандарда уранды байыту деңгейі 60 пайызға дейін артқаны, бұл бейбіт атом қағидатының шегінен айтарлықтай жоғары екені талай айтылған. 

Рафаэль Гросси Иранның ядролық қаруды қашан жасауы мүмкін екенін жорамалдап қана айтуға болатынын жеткізді.

- Бұл жақын арада бітетін шаруа емес. Тіпті жақын жылдардың шаруасы да болмауы мүмкін, - деді IAEA.

60% байытылған уран шынымен қауіпті ме?

Сарапшылар уранды 60 пайызға дейін байыту бейбіт атом қағидатына қайшы. Тіпті 20 пайыздан артық байытылған уранды теориялық тұрғыда әскери мақсатта қолдануға болады.

Атом электр стансаларында қолданатын отынның ураны 4–5% деңгейінде ғана байытылады. 60 концентрациясы бар уран өндіруді азаматтық мақсаттармен байланыстыру мүлдем мүмкін емес деп есептеледі.

- Бәлкім Иран осылайша АҚШ-пен арадағы келіссөзде өз жағдайын жақсартқысы келетін шығар. Бір жағынан мұны Иранның атом бомбасын жасауға жылдам кіріскені деп бағалауға да болады, дейді қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Ханс Якоб Шиндлер Deutsche Welle-ге берген сұхбатында.

Осындай теоряны алға тартушылар Иран бұл қарқынмен кете берсе, аз уақыттың ішінде уранды 90 пайызға дейін дамытып үлгеруі мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен ураннан ядролық жарылғыш жасау үшін 60 пайыз байытылған уран да жетіп жатыр.

Израиль шабуылының салдары

Израильдің өткен аптада Натанзе мен Фордодағы ядролық нысандарға жасаған шабуылынан кейін Иранның ядролық бағдарламасының айналасындағы шиеленіс ушыға түсті. Әуеден жасалған соққылардан кейін 15 мың центрифугаға зақым келгені айтылған болатын. Сондай-ақ, ядролық бағдарламаға қатысты делінетін иран ғалымдарының көзі жойылғаны туралы мәліметтер көп айтылып жатыр.

Сапаршылардың кейбірі соңғы күндері болған оқиғалар Иранның ядролық даму бағдарламасын бірнеше жылға шегеруі мүмкін. Дегенмен ресми Тегеран әзірге соққылардан келген зақым мен қалпына келтіру жұмыстары туралы ешбір мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан Иранда жүрген 109 қазақстандық елге оралды.

 

Соңғы жаңалықтар