16:02, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Иран жаңа буынның ғарыш жерсерігін жасап шығарды - Қорғаныс министрлігі
АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Иран жаңа буынның ғарыш жерсерігін жасап шығарды. Ол «Толу» («Шығыс») деп аталады.

Бұл туралы Иран Ислам Республикасының қорғаныс министрі Ахмад Вахиди сейсенбі күні Шираз қаласында мәлім етті.
Министрдің айтуынша, жаңа ғарыш аппараты жұртшылықтың назарына Ирандағы ислам революциясының 31 жылдығын тойлау салтанатында (2010 жылдың ақпан айында) таныстырылатын болады.