Иранда 5,3 балдық жер сілкінісі болды

ТЕГЕРАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Иранда сейсенбі күні 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда 5,3 балдық жер сілкінісі болды

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығының ақпараты бойынша, зілзала ошағы 352 мың адам тұратын Бендер-Аббас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 113 шақырым жерде орналасқан.

Тереңдігі – 10 шақырым.

Қазіргі уақытта қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Фото: EPA-EFE/ ABEDIN TAHERKENAREH