Иранда әлі күнге қазақ мәдени орталығы жоқ - Иран радиосындағы қазақ редакциясының жүргізушісі

         АЛМАТЫ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Иран қазақтарының ана тілін сақтауы тұрмыста қолданылатын сөздердің аясында ғана шектелуде.
None
None

 Оны Иран радиосы қазақ редакциясының жүргізушісі және аудармашысы Жапарбай Шаткам  ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

         Иран елінде қазір 5 мыңдай қазақ бар. Олар негізінен  Горган,  Бердітүрікмен, Домбат қалаларында шоғырланған. Қазақ тіліндегі хабарларды Иран мемлекеттік телерадио бірлестігінің 1 сағаттық қазақша бағдарламасынан алады.  Жапарбай Шаткамның айтуынша, қазір  Ирандағы қазақтар күнделікті тұрмыстағы сөздерді ғана қолданғандықтан, ана тілін сақтауы қиындап  бара жатыр. Бұған соңғы жылдары Қазақстаннан жүйелі түрде мерзімді басылымдар алдырудың  үзілуі өз ықпалын тигізуде.

         «Иран баспаларынан соңғы жылдары осы елде оқып жүрген қазақ жастарының парсы тілінен  аударған 1-2 кітабы шықты. Сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Қажымұхамбет Шаткан деген азаматтың қазақшадан парсы тіліне аударған Абайдың қара сөздері жарық көрді. Енді оның 5 мыңнан астам сөзді қамтыған үлкен сөздігін Қазақстандағы «Арыс» баспасы  шығарғалы отыр. Биыл   сондай-ақ, Гүрдістан облысының орталығы саналатын Горган қаласында Қазақстан Елшілігі мен Консулдығы ашылды. Енді  оның  жанынан  құрылған кітапханада түрлі  мәдени шаралар  қолға алынады деп үміт артып отырмыз», дейді Иран радиосы қазақ редакциясының жүргізушісі және аудармашысы Жапарбай Шаткам.

Соңғы жаңалықтар