02:28, 04 Тамыз 2025 | GMT +5
Иранда елдің қорғанысын қамтамасыз ететін жаңа Кеңес құрылады
АСТАНА. KAZINFORM — Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ЖҰҚК) елді сыртқы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған арнайы орган — Елдің қорғаныс кеңесін құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы ЖҰҚК хатшылығының мәлімдемесінде айтылған.
— Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі Иран Конституциясының 176-бабына сәйкес, Елдің қорғаныс кеңесін құруды мақұлдады, — делінген құжатта.
Мәлімдемеде атап өтілгендей, бұл органға Иран президенті төрағалық етеді, ал құрамына сот билігінің басшысы, парламент спикері, ислам республикасының қарулы күштерінің жоғары басшылық өкілдері және бірнеше министр енеді.
Айта кетелік Иран АҚШ-тан соғыс шығыны үшін өтемақы талап етіп отырғаны жөнінде жазған едік.