10:36, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Иранда Қазақстанның Бас консульдығының ресми ашылуы болды
ГОРГАН. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев Иранның Гүлістан провинциясының орталығы Горган қаласында Иранның солтүстігіндегі Қазақстанның Бас консульдығын ресми ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты рәсімге провинция губернаторы Я.Махмудзаде мен оның орынбасарлары, Горган қаласының мэрі, балық шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың, сауда-өнеркәсіптік палатаның басшылары, т.б. шақырылды. Е.Өтембаев өз сөзінде, бұл шараның ерекше маңызын атап көрсетті және Қазақстан осы провинцияда өзінің ресми өкілдігін ашып отырған алғашқы шетелдік мемлекет екенін айтып өтті. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бас консульдықтың ашылуы - біздің елдеріміздің Каспий теңізіндегі ынтымақтастығын күшейтіп қана қоймай, өзара іс-қимылдардың дәстүрлі көкжиектерін кеңейтетін болады. Қазақстандық өкілдіктің басты міндеті - провинцияның инвестициялық мүмкіндіктері мен тасымалдау әлеуетін оңтайлы пайдалана отырып, қазақстан-иран серіктестігін ұйымдастыру болып табылады», деп атап көрсетті Қазақстан дипломаты өз сөзінде.