Иранда сотталған Қазақстан азаматтары жоқ - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сотталған Иранның 5 азаматының барлығы да бостандыққа шықты. Бүгін Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Отырыс барысында комитет мүшелері  «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын талқылады.  

Иоган Меркельдің өзіне қарағанда, Иранмен қатынастар дамығаннан бері кәсіпкерлік және туризм бағытында ел азаматтарының аталған мемлекетке сапарлары жиілеп келеді. Тек ағымдағы жылы Иранға біздің 350 азаматтарымыз сапарлады, ал Қазақстанға 2 мыңнан астам ирандық келді. Қазіргі кезде Иранда сотталған біздің адамдар жоқ.

«Соңғы 10 жылда ирандық 5 азамат біздің елде сотталған болатын және олардың соңғысы қарашада бостандыққа шығып, еліне оралды. Сонымен қатар Иранда біздің бір азамат абақтыға тоғытылған еді, кейіннен ол рақымшылыққа ілікті. Бүгінде сотталғандар жоқ»,-деді ол.

Құжатқа сәйкес, екі елдің арасында сотталғандарды беру үдерістері келісілді. Мәселен, егер де Иранда қазақстандық бұзақылық үшін жеті жылға жазаға тартылса, үкім заңды күшіне енгеннен кейін осы азамат немесе оның заңды өкілі еліміздің консулдық мекемелері арқылы оның жазаны одан әрі өтеуі үшін Қазақстанға ауыстыру туралы прокуратуға өтініш жасауы тиіс.

Оның айтуынша, сотталғандарды өзара беру шаралары екі жағдайда бас тартылуы мүмкін, яғни бұл егемендікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіргенде, екі тараптың заңнамасына және мүдделеріне қайшы келгенде рұқсат етілмейді.

Соңғы жаңалықтар