19:11, 14 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Иранда Turkish Airlines ұшағы шұғыл түрде қонды
АСТАНА. KAZINFORM — Turkish Airlines ұшағы Иран провинциясында жолаушыларға медициналық көмек көрсету үшін шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Түрік әуе компаниясының Измирден Тегеранға ұшып бара жатқан рейсі Иранның Батыс Әзербайжан облысындағы Урмия қаласына шұғыл түрде қонды.
Батыс Әзербайжан әуежайларына арналған басқарманың қоғаммен байланыс бөлімі берген ақпарат бойынша, ұшақтың жерге қонуы екі жолаушыға шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігімен байланысты болған.
Осыған дейін Тбилисиден Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонғанын жазған едік.